Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

 🇰🇿 🇹🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады<a href="https://t.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Yayın: 12 Ekim 2022 KÜLTÜR SANAT Google News

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2022 жылғы 12 қазан

Елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Қазақстан Республикасының І дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді. Орденді табыстау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы деп атап өтті.

– Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасында Түркияның әлемдегі абырой-беделі арта түсті. Еліңізді дүниежүзі әлеуеті зор, дамыған мемлекет ретінде біледі, құрметтейді. Түркия – біздің ежелден еншісі бір, тамырлас туысымыз. Сондай-ақ Қазақстанның ең жақын әрі сенімді стратегиялық серіктесі, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентінің айтуынша, қос халықтың арасындағы бауырластық байланыс – өзара тиімді қарым-қатынастың алтын діңгегі. Бұл іске Режеп Тайип Ердоған орасан зор үлес қосып келеді.

– Мен оны жоғары бағалаймын. Әсіресе, туысқан елдерді ортақ мүддеге ұйыстырып, тамырымызды тереңдету үшін ерекше еңбек сіңіріп жүрсіз. Бастапқыда кеңес ретінде құрылып, бүгінде толыққанды ұйымға айналған Түркі мемлекеттері ұйымы – осының айқын дәлелі. Одан бөлек, бітімгершілік рөліңізді ерекше атап өткім келеді. Біз сіздің дүниежүзіндегі дағдарыстар мен аймақтағы мәселелерді шешу жолындағы бастамаларыңызды қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы Қазақстан Түркиямен стратегиялық әріптестікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айтып, болашаққа бірге қадам басатынын атап өтті.

– Осы жолдағы мәңгі достығымыз бен мызғымас бауырластығымыз жалғаса береді. Сіз қазақ-түрік қатынасын тұрақты дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Мен осы саладағы айрықша тарихи рөліңізді ескере отырып, сізді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім екіжақты қарым-қатынастар жылнамасына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Мен достығымызды нығайтып, береке-бірлігімізді арттыра түсу үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын, – деді Президент.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-turkiya-prezidenti-rezhep-tayip-erdogandy-i-darezheli-dostyk-ordenimen-marapattady-1293616

 

Son Güncelleme: 12 Ekim 2022